11:51, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Оралда өзге ұлт өкілдері арасында тіл сайысы мәреге жетті
ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда облыстық тілдерді дамыту басқармасы және «БҚО жаңа толқыны» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл - халық жанын танытудың кілті» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жастардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауды мақсат еткен байқауға 14-22 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатысты. Сайыс қорытындысында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 курс студенті Ирина Жилик бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ қазақ тілін білуге деген ерекше құштарлығымен көзге түскен Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж студенті Нина Павлычева - бірінші, Орал мұнай, газ және салалық технологиялық колледжінен Татьяна Макеева - екінші, Шыңғырлау ауданы Шилі орта мектебінің оқушысы Светлана Гельман үшінші орынды иеленді.