Оралда «Семей-Невада» қозғалысының 20 жылдығына орай балаларға арналған шара ұйымдастырылды

ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 3-інде Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Семей-Невада» қозғалысының 20 жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған көңілді шара өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен және Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері БҚО қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген шараға аталмыш қоғам мүшелері отбасыларының балаларымен қатар, қаладағы бірнеше мектеп оқушылары шақырылды. Балалар бір сағат бойы бес атракционда тегін ойнап, ағалары ұсынған тәтті шырыннан дәм татты. Қалалық Жастар мәдениет сарайы әншілері мен жас өнерпаздарының әсем ән-билерін тамашалаушылар да аз болған жоқ. Аталмыш қоғам төрағасы Мағжан Бисенғалиевтің айтуынша, биыл 20 жылдық аясында басқа да шаралар жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар