Оралда шекарашыларға пәтер кілттері табыс етілді

ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында кеше ҚР ҰҚК шекара қызметі №2029 бөлімі әскери қызметкерлеріне 60 қызметтік пәтердің кілттері табыс етілді.
None
None

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланған жылы Оралда алғаш рет шекара қызметкерлеріне арналған үй бой көтерді. ҚР ҰҚК «Батыс» аймақтық басқармасының бастығы Марат Бекпаевтың айтуынша, мұндай үйлер басқа облыстардың бірқатарында пайдалануға берілсе, енді біреулерінде салыну үстінде.

Шекарашылар үйін бір жыл ішінде «Марасант» компаниясы тұрғызды. Пәтерлердің бөлмелері кең, төбелері биік. Бір бөлмелі пәтердің аумағы 44 шаршы метр болса, екі бөлмелінікі - 68 шаршы метр, үш бөлмелінікі - 100 шаршы метрдей.

Үй құрылысына инженерлік желілерді тарту мен абаттандыруды қосқанда 427 млн. теңге жұмсалған.

Соңғы жаңалықтар