Оралда шорт-тректен өткізілген ел чемпионатында батысқазақстандықтар басым түсті

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында шорт-тректен ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі мәреге жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан, Алматы, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 101 спортшы қатысты. Әйелдер арасында батысқазақстандықтар Ксения Мотова мен Инна Симонова алдан көрінсе, қостанайлық Дарья Волокитина үшінші орынды иеленді. Ерлер арасында батысқазақстандықтар Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Аслан Даумов жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Біріншілік Болгарияда София қаласында наурыздың 18-21-інде өткізілетін әлем чемпионатында жекелей сында ел намысын қорғайтындарды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Биыл батысқазақстандық Айдар Бекжанов шорт-тректен жалғыз өзі Ванкувер олимпиадасында бақ сынап, 1 мың метр қашықтықта жиырмасыншы орынды иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар