Оралда шорт-тректен жарыс мәреге жетті

Мұз айдыны сарайы директорының оқу-спорт жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Копылованың хабарлағанындай, оған бірнеше командадан барлығы 76 спортшы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсті. 500 метр қашықтықта өз жастары бойынша Ерхат Құбашев, Нұртілек Қажығалиев, Әділ Ғалиахметов, Гүлнұр Ғаниева, Александра Суменкова, Юния Пархоменко үздік нәтиже көрсетті. 300 метрден Әділ Қырымгереев, Әлішер Әбілқатимов, Анеля Керей, Индира Абатова алда болды. 1 мың метрден Бағдат Амангелдиев, Дәурен Жасланов, Гүлнұр Ғаниева алдына жан салмаса, 800 метрде Әділ Ғалиахметов пен Юния Пархоменко ұшқырлық танытты.
Жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының негізін батысқазақстандықтар құрайтыны белгілі. Бұл балғын спортшылар да болашақта ел намысын қорғауды армандайды.