11:32, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Оралда студент жастардың еңбек семестрі қорытындыланды
ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қыркүйектің 30-ында Оралда студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары ІІІ еңбек семестрінің салтанатты жабылу рәсімі болды.
Салтанатты жиын барысында «Ең үздік сарбаз-2010», «Ең үздік жасақ-2010», «Үздік командир-2010» аталымдарымен үздіктер марапатталса, «Алтим» ЖШС «Үздік жұмыс беруші-2010» болып танылды. Сондай-ақ студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының жазғы маусымдық жұмысына ақпараттық қолдау көрсетуде белсенділік танытқан бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына тарту-таралғы табыс етілді.