19:27, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Оралда студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ІІІ еңбек семестрі ашылды
ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда мамырдың 29-ында студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары ІІІ еңбек семестрінің ашылу салтанаты болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай алаңында өткен салтанатты жиынға құрылыс және еңбек жасақтарының сарбаздары, жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, студенттер мен кәсіптік мектептер оқушылары қатысты.
Биылғы жылы өңірдегі студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарымен қатар «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектеп, ауруханалардың бой көтеруіне атсалыспақ. Мұндай жұмыстар облыс орталығы ғана емес, аудандарда да атқарылатын болады.