Оралда суретшілердің халықаралық «Жазира Жайық-2011» көрме-байқауы ашылды

АЛ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін облыстық қазақ драма театрында халықаралық «Жазира Жайық-2011» көрме-байқауы ашылды.
None
None

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шараны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Мәдени-тарихи мұраны қорғау» жобасы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Өнер» қоғамдық қоры (басшысы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдір) ұйымдастырды.

Өткен жылдары облыстық деңгейде өткізілген байқау биыл халықаралық сипат алды. Оған Ресейден - 13, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан - 6, Батыс Қазақстаннан 14 суретші қатысты. Көрмеге барлығы 33 суретшінің 97 шығармасы қойылды. Жүлде қоры да қомақты болды. Бас жүлдеге 100 мың теңге тігілді.

Астрахан қаласынан келген ресейлік суретші Фахрикамал Махмудова бірінші орынды иеленді. Отыздан жаңа асқан қыл қалам шебері көптеген көрме-байқауларға қатысқан. Оның ноғай халқының өткен тарихына байланысты салынған «Қоблан батыр», «Сарай Бату» сынды дүниелері де баршылық. Барлығы алты суретші лауреат атанса, төртеуі дипломмен марапатталды.

Көрме бір айға созылмақ.

Соңғы жаңалықтар