13:54, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Оралда «Тағзым күні» өткізілуде
АЛ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы мектептерінде «Тағзым күні» өткізілуде.

Бұл шара - ауған соғысы ардагерлері облыстық ұйымы мен Орал қалалық білім бөлімінің бірлескен жобасы. Аталмыш қоғамдық ұйымның төрағасы Таһир Қосжановтың сөзіне қарағанда, осы аптаның сәрсенбісінде басталып, 6 қазанға дейін созылатын шара барысында интернационалист-жауынгерлер оқушыларға жорық жолдарынан естелік айтып, үлкен-кішіні тарихтан тағылым алуға шақырмақ. Патриоттық тәрбиенің бір тәсілі ретінде қолға алынған кездесулер барысында сарбаздардың туған елге деген сағынышын паш ететін әскери сипаттағы әндер де шырқалмақ.