Оралда татар композиторы Н.Жигановты еске алуға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы «Жас дәурен» балалар кешенінде атақты татар композиторы Назиб Жигановты еске алуға арналған қайырымдылық шарасы өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шараны ұйымдастырған «Назиб Жигановтың халықаралық шоқжұлдызы» жеке қорының президенті Светлана Тенишеваның айтуынша, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Жигановтың өзі Орал қаласындағы балалар үйінің бірінде тәрбиеленген. «Жасдәурендіктер» Н.Жигановтың шығармашылығымен танысып, туындыларын тыңдады. Аталмыш қордың мақсаты ? татар музыкалық мәдениетін дамыту, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып, жас дарындарға қамқорлық көрсету. Балалар кешені жанындағы өнер мектебіне Назиб Жигановтың шығармалары жазылған ноталар мен дискілер табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар