Оралда «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі бағалау мен аккредиттеудің әдіснамалық құралдары» атты халықаралық семинар өткізілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиында аталмыш университет ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті мемлекеттік тапсырыс және білім мазмұны басқармасының бастығы Ғалия Дәулетова аталмыш шараның маңыздылығына тоқталса, Латвия кәсіптік білім беру мекемелері қауымдастығының президенті, ригалық Дайнис Маркус, Мәскеу қаласындағы білім сапасын қоғамдық бақылау және мансапты дамыту агенттігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Алексей Белокопытов, мәскеулік маман Ирина Кондюрина, Астана қаласынан келген «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Аймен Мамырханова және басқалар кәсіптік білім беру жүйесіндегі қоғамдық бақылау және аккредиттеу мәселелері төңірегінде ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Семинар қорытындысында ұсынба қабылданды.