18:59, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Оралда тіл туралы жобаны облыстық ассамблея талқылады
ОРАЛ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тамыздың 23-інде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының кезектен тыс мәжілісі болып, онда «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиынды жүргізген Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев аталмыш мәселенің ұлтаралық келісімді орнықтыруда маңызы зор екендігін атап өтті. Бұдан кейін облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Махамбет Ихсанғали, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы Болат Жексенғалиев жобаның негізгі бағыттары жөнінде әңгімелеп берді.
Жиынға қатысушылар мемлекеттік тілді оқып-үйрену, сондай-ақ әр ұлт өкілдері өз тілдерін ұмытпау мақсатында шаралар алу жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кеңес қорытындысына сәйкес тиісті ұсынба қабылданды.