Оралда тұмаудың алдын алуға арналған семинар өткізілді

ОРАЛ. 15 қазан. ҚазАқпарат - «Қалалық жұқпалы аурулар емханасы» ММ базасында инфекционистер, терапевтер, педиатрлар мен эпидемиологтардың қатысуымен «Тұмау мен жедел респираторлық вирусты жұқпалар, диагноз қою, емдеу және  алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, семинардың мақсаты - тұмау мен жедел респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу және олардың тұрғындар арасында таралуына жол бермеу.

Тұмау - жаппай бұрқ ете түсуі, тіпті індетке айналуы мүмкін ең көп тараған жұқпалы аурулардың бірі. Тұмау және жедел респираторлық вирусты жұқпаларды жұқтыру тәсілі, негізгі көріністері бойынша бір-біріне ұқсас дерттер болғанымен, бұл бір ауру емес. Тұмау едәуір үлкен уыттануды тудырады, өту барысы көбіне ауыр әрі түрліше асқынуларға соқтырады.

2012-2013 жылғы эпидемиологиялық маусымда А (Н1N1 және H3N2 тип түрлері) және В тұмауының вирустары айналымда болады деп болжануда. Тұмауға қарсы вакцинаның құрамына А (Н1N1 және H3N2) және В вирустарының штамдары енген.

Соңғы 20 жыл ішінде жедел респираторлық вирусты жұқпалармен сырқаттанушылықтың көтерілу деңгейі қазан айына, тұмау желтоқсан-қаңтарға сәйкес келуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум