Оралда тұрғын үйді жаңғырту қарқын алып келеді

ОРАЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына сәйкес жұмыстар қарқын алып келеді.
None
None

Тұрғындары жөндеуге ынта білдірген 28 үйдің 20-сында жұмыстар аяқталды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ облыстық филиалының аймақтық директоры Дмитрий Солодовниковтың айтуынша, жөнделген көп пәтерлі үйлердің бесеуі мемлекеттік, 15-і жұмыс комиссиясынан өтті.

Жаңа жыл қарсаңында Әбубәкір Кердері көшесі 189-үйдің тұрғындарымен ғимараттың қасбетін, төбесін, кіреберістері мен электр желісін жөндеуге 4,5 млн. теңгеге келісім жасалды. Сондай-ақ Гагарин көшесі 105-үйдің де төбесі мен пәтерішілік инженерлік желілерін, соның ішінде ыстық су жүйесін ретке келтіру керек. Бұған 6 млн. теңге жұмсалмақ.

Д.Солодовниковтың сөзіне қарағанда, бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылында жұмысты тиімді жүргізу және қатысушыларды көбірек тарту үшін бірқатар өзгерістер енгізудің қажеттігі белгілі болды. Осыған орай ұсыныстар Астанадағы бас мекенжайға жіберілді. Оның бәрі талданып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар