10:37, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда Ұлы Отан соғысы ардагеріне ескерткіш тақта орнатылды
ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында соғыс және еңбек ардагері Есім Сәрсенов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан 100 жыл бұрын, Жаңақала ауданында 1910 жылы дүниеге келген Есім Сәрсенов еңбек жолын Орда ауданының Азғыр бастауыш мектебінде мұғалім болып бастап кейін мектеп директоры, басқа да лауазымдық қызметтер атқарады. Соның ішінде Жәнібек ауданын басқарып, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальмен марапатталған ол кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.