Оралда Ұлы Отан және ауған соғысы ардагерлері бас қосты

ОРАЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы Жастар мәдениет сарайында Ұлы Отан және ауған соғысы ардагерлеріне арналған мәдени шара өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар ауған шайқасына қатысқандарға да ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы Таһир Қосжановтың айтуынша, ауған соғысына Батыс Қазақстаннан 1021 адам қатысып, соның 27-сі қаза тапты. Сырым ауданының Тасқұдық ауылында дүниеге келген Қайырболат Майданов ауған жеріндегі қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Кейін көрші елдің қарулы күштері қатарында қызмет етіп, Шешенстандағы соғыста осыдан он жыл бұрын ерлікпен көз жұмған оған Ресей Батыры атағы берілді.

Облыста жыл сайын ауғандық ардагерлерге де пәтер берілуде. Бұл қамқорлық биыл да жалғаспақ. Сонымен қатар 15,3 млн. теңге бөлініп, ауған соғысы ардагерлеріне аллея салынуда.

Шара барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сый-сияпат жасалып, гүл шоқтары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар