Оралда Ұлы Жеңіс мейрамы кеңінен тойлануда

ОРАЛ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында Ұлы Жеңіс мейрамы кеңінен тойлануда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырым Датұлы алаңында театрландырылған көрініс ұйымдастырылса, М.Мәметова, Г.Жуков, Т.Масин, «Ол күндердің даңқы өшпейді» ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Жеңіс алаңында Оралдағы әскери бөлімшелер сап түзеп жүріп өтсе, митингіде Ұлы Отан соғысындағы тарихи жеңістің мән-маңызы айтылды. Батыс Қазақстаннан 76 мыңнан астам адам аттанса, соның 36 мыңдайы майданнан оралмады. 40 батысқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанса, алты жауынгер Даңқ орденінің толық иегері болды. Бүгінгі таңда өңірде жеті жүзге жуық майдангер ғана қалды. Олардың бәріне де, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсетілді.

Бүгін сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Солдат ботқасы» театрландырылған бағдарлама ұйымдастырылса, Абай мен Сырым Датұлы алаңдарында алау ұстаған адамдар шерумен жүріп өтеді. Содан кейін Абай алаңындағы мерекелік концерт отшашуға ұласады.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған спортттық жарыстар да өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар