11:42, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Жеңімпаздар» кітап-альбомы жарық көрді
ОРАЛ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Жеңімпаздар» кітап-альбомы жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Жайық Пресс» ЖШС (бас директоры Шыңғыс Мұқан) дайындаған жинақ облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің алғысөзімен ашылған. Қатты мұқабамен, түрлі-түсті суреттермен әдемі безендірілген кітапта Ұлы Отан соғысына қатысқан батысқазақстандықтар, Кеңес Одағының Батырлары, Даңқ орденінің иегерлері, сондай-ақ тыл еңбеккерлері туралы барынша мол мағлұмат берілген. Сондай-ақ Жұбан Молдағалиев бастаған батысқазақстандық ақындардың Жеңіс пен соғыс тақырыбына арналған жырлары да енгізілген.
Кітапты құрастыруға, әсіресе, облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің журналистері Тәрбие Смағұлова, Владислав Ярлов, Ольга Кулик сүбелі үлес қосты.