Оралда үстел теннисінен халықаралық турнир өтуде

АЛ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше Орал қаласында ҚР Үстел теннисі федерациясы және БҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды.
None
None

Оған Ресей мен Өзбекстаннан, Қазақстанның Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан бес қыздар, он бір ұлдар командалары құрамында 1993 жылғы және одан кіші жастағы 50 спортшы қатысуда.

Жарысқа қатысушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бас қазысы, халықаралық дәрежедегі төреші Александр Переваловтың айтуынша, «Қазақстан-1» командасы сапында ел құрамасының мүшелері өнер көрсетуде. Аталмыш турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Мәлік Бисалиевтің сөзіне қарағанда, аталмыш спорт түрі Қазақстанда кеңінен таралып келеді. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында барынша жағдай жасалуда. Мұндағы теннисшілердің алды ел намысын қорғай бастады.

Аталмыш турнир жеңімпаздары 23 қыркүйекте анықталмақ.

Соңғы жаңалықтар