12:17, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Оралда волейболдан қыздар арасында І халықаралық турнир өтуде
ОРАЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің залында волейболдан 1997-1998 жылғы қыздар арасында халықаралық турнир өтуде.
Аталмыш жарысқа Ресейдің Самара, Украинаның Самбор қалаларынан команда қатысуда. Сондай-ақ Қазақстаннан Алматы мен Оралдан қос-қос командадан сынға түсуде.
Алғашқы ойында «Грация-2» командасы алматылықтарға 0:3 есебімен жол берді. БҚО намысын сондай-ақ «Грация KZ» командасы қорғайды.
Жарыс 6 шілде күні мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер, үздік ойыншылар марапатталады.