11:32, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Оралда зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі қалалық комиссия жұмыс жасауда
ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі қалалық комиссия жұмыс жасауда.

Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразовтың өкімімен құрылған комиссияға қалалық мәслихат депутаты Аветик Амирханян жетекшілік етеді. Комиссия «Ел ырысы» коммуналдық базарында зардап шеккендерге бір реттік көмек үлестіруде. 29 сәуірден бері 1119 қала тұрғынына тізім бойынша азық-түлік, киім-кешек берілуде.
«Қазіргі кезде Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген заттар үлестірілуде. Сонымен қатар Қызылорда, Шымкент, Семей, Қарағанды қалаларынан да жүк келіп жатыр. Бұларды бүгіннен бастап мыңнан астам адам тұрып жатқан эвакуациялық қосындарға таратамыз», деді А.Амирханян.