Оралда жалпықалалық сенбілік болды

ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда бүгін жалпықалалық сенбілік өткізілді.
None
None

Бұл - 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтіп жатқан санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы аясындағы екінші сенбілік. 23 сәуір күнгі сенбілікке 1588 мекеме-кәсіпорындардан 40 мыңға жуық адам қатысқан болатын. Қаладан қоқыс шығарылып, жиектастар мен тал-теректер түбі әктеліп, жас көшеттер отырғызылған еді.

Осындай жұмыстар бүгін де жалғасып, мекеме-ұйымдар, тұрғындар қала тазалығына өз үлестерін қосты. Әсіресе, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары белсенділік танытты.

Соңғы жаңалықтар