Оралда жаңа полиция пункті ашылды

ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Орал қаласындағы 5-шағынауданды жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған жаңа үйден №19 учаскелік полиция пунктіне үш бөлмелі пәтер бөлінді. Мұнда учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі және қылмыстық атқару жүйесі инспекторларының жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, департаменттің автоматтандырылған деректер базасына қосылған компьютер, телефон, радиостанса және жиһазбен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасына сәйкес бейнебақылау жүйесін орнату жоспарлануда.

Облыс орталығында осындай үлгідегі полиция бекеттерінің саны 23-ке жетті. Бұларда 79 учаскелік полиция инспекторы мен 22 көмекшісі қызмет етеді.

Соңғы жылдары Орал қаласы әкімінің қолдауымен Деркөл, Желаев, Зашаған кенттері мен Арман шағынауданында және №17 орта мектеп аумағында орналасқан №5 учаскелік полиция пункті іске қосылды. Алдағы жылы қалаға қарасты Серебряков ауылында учаскелік полиция пунктін салу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар