Оралда Жаңақала ауданының мектеп музейлері көрмесі ашылды

ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей және балалар көрмесі» атты Жаңақала ауданының мектеп музейлері көрмесі ашылды.
None
None

Облыстық тарихи-өлкетану музейінен Айсұлу Нысанованың хабарлағанындай, аталмыш көрме аудандардағы мектеп музейлері арасында БҚО білім беру мекемелеріндегі «Мектеп музейлері белсенділері» фестивалі аясында «Музей және балалар көрмесі» жобасы бойынша 2012 жылдың 17 мамыр-28 қараша күндері аралығында өткізілуде.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған жоба БҚО білім беру мекемелеріндегі «Таңдаулы мектеп музейін» анықтау, жас ұрпақты туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын тануға қызығушылығын арттыруға және отаншылдықққа тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Шараға Жаңақала ауданының құрметті азаматтары шақырылып, аталмыш ауданның ұстаздары мен оқушылары, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің студенттері, №26 ЖОББМ оқушылары, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум