16:17, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Оралда жас экологтардың бесінші облыстық олимпиадасы мәреге жетті
ОРАЛ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Оралда оқушылардың бойында жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарын арттыру, экологиялық білімді насихаттау, табиғат арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында жас экологтардың бесінші облыстық олимпиадасы өткізілді.

Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының бөлім меңгерушісі Фиягүл Қауымбаеваның хабарлағанындай, дәстүрлі сайысқа аудандар мен қала мектептерінен 37 үміткер қатысты. Қазылар алқасы Зеленов, Қаратөбе аудандары және Орал қаласындағы №17 орта мектеп оқушыларының жақсы дайындығын атап көрсетті.
Олимпиадаға қатынасушылардың жұмыстары шығармашылық жоба, теориялық (тест) және сарамандық кезеңдер бойынша бағаланды. 9-сынып бойынша Зеленов ауданы Дариян орта мектебінен Алмас Нариманов жеңімпаз атанса, 10-сыныптан Қаратөбе мектеп-гимназиясынан Нұрдәулет Бекболатов үздік нәтиже көрсетті. 11-сынып оқушылары арасында Орал қаласындағы №17 мектеп шәкірті Диана Дадавова алда болды. 2-3-орын иегерлері мен ерекше көзге түскендер де марапатталды.