Оралда «Жас Отан» жастар қанатының жүлдесі үшін ғылыми жобалар байқауы өтті
«Жас Отан» жастар қанатының жүлдесі үшін инновациялық ғылыми жобалар байқауы мәреге жетті.
«Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі қарсаңында ұйымдастырылған сайыста робот техникасы, ғарыш кеңістігін игеру, компьютерлік технологиялар бойынша жобалар ұсынылды. Аталмыш университет студенттері осындай серпінді жобаларды жүзеге асыру бағытында еңбектеніп келеді.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дархан Қадыралиевтің атап өткеніндей, байқау мақсаты - студент жастардың инновациялық жобаларын қолдау. «Жас Отан» жастар қанаты да ғылымға бейімі бар жастарды қолдай бермек.
Байқау қорытындысында Динара Әбілхатина, Виктор Аракчеев, Қайырболат Шатбаев жүлделі орындарды еншілеп, «Жас Отанның» дипломы мен бағалы сыйлықтарына ие болды.