Оралда жас отбасыларға арналған 108 пәтерлік тұрғын үй салынуда

  ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Жаңа Орда» шағынауданында жас отбасыларға арналған 108 пәтерлік тұрғын үй салынуда.
None
None

«Ақжайық-Жас отау» ЖШС директоры Айнұр Медеуованың айтуынша, бұл - Оралдағы осындай үшінші үй. Тұрғындар арасында «Жас отау» аталып кеткен бағдарлама  облыс әкімінің 2006 жылғы 12 маусымдағы №196 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша тұрғын үй құрылысы «Ақжайық-Жас отау» ЖШС арқылы жүзеге асырылуда. Ең алғаш 2008 жылы салынған 5 қабатты бір үйге 75 жас отбасы қоныстанса, 2010 жылы тұрғызылған екінші жаңа үйден 75 жанұя пәтер алып, қоныс тойын тойлады. Сөйтіп, осы мерзім ішінде 150 жас отбасы баспанамен қамтылған болатын.

«Жаңа Ордада» салынып жатқан 9 қабатты жаңа үйде 36 бір бөлмелі пәтер, 36 екі бөлмелі және тағы сонша үш бөлмелі пәтер болмақ. Бір бөлмелі пәтерлердің аумағы 41 ш.м., екі бөлмелі пәтердікі 61 ш.м., ал үш бөлмелі пәтер аумағы 77 ш.м-ден кем болмайды. Тұрғын үй құрылысын жергілікті «СВ ПЛЮС» ЖШС жүргізуде. Аталмыш тұрғын үй құрылысының сметалық құны шамамен 589 миллион теңгені құрайды. Жоба бойынша пәтерлердің бір бөлігі құрылыс шығынын өтеу үшін саттыққа шығарылмақ. Атап айтқанда, үйдің 75 пәтері жастарға арналса, қалған 33-і қолма-қол ақшаға сатылады. Жастарға арналған пәтердің шаршы метрі 90 мың теңгеден болса, қолма-қол ақшаға сатылатын пәтерлердің шаршы метрі 130 мың теңгені құрайды. Сонда жастар үшін 2 бөлмелі үйдің құны, шамамен 5 490 000 теңге, ал саттыққа шығарылатын 2 бөлмелі пәтер құны 7 930 000 теңге болады. Бұл қазіргі нарықтағы үй бағасынан әжептәуір арзан. 1 бөлмелі пәтерді жалға алғандар алғашқы 3,5 жыл бойы банкідегі өзінің есепшотына ай сайын

45 000 теңге, 2 бөлмелі пәтер үшін 67 500 теңге және 3 бөлмелі пәтерге 84 375 теңге аударып отыруы тиіс. Тұрғын үй 29 жасқа толмаған жас жұбайларға әуелі 3,5 жылға жалға беріледі, соңынан олардың осы пәтерлерді сатып алуына рұқсат етіледі. Жобаға сәйкес жас отау иелері тұрғын үйді сатып алу үшін қаржының 50 пайызын үш жыл бойы «Тұрғынүй құрылысжинақбанкіде» жинақтамақ. Қаржының қалған жартысын аталған банк 6 жылға 5 пайыздық мөлшерлемемен береді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум