13:01, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Оралда жас саясаткерлер мектебінің биылғы алғашқы сабағы өткізілді
ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында жас саясаткерлер мектебінде «Мемлекет. Саясат және билік», «Нұр Отан» ХДП: тарих және тәжірибе.
Саяси көшбасшылық» деген тақырыпта биылғы алғашқы сабақ өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оны жоғары және орта арнаулы оқу орындары шәкірттерімен облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі Бауыржан Тұманов пен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков жүргізді. Аталмыш мектеп өткен жылы ашылған болатын. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жастармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Афиза Семғалиеваның сөзіне қарағанда, биыл оған 40-тан астам жас жазылған. Аптасына бір рет өтетін сабаққа оқу орны басшысының рұқсатымен кезкелген студент қатыса алады. Сабақта ел өміріне қатысты түрлі мәселелер талқыланып қана қоймай, белгілі тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылады.