Оралда «Жас ұрпақ дені сау болашақты қолдайды» атты жобалар байқауы қорытындыланды

ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ішкі саясат басқармасында «Жас ұрпақ дені сау болашақты қолдайды» атты жобалар байқауы қорытындыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері және еріктілер арасында өткізілген болатын. Мақсаты - есірткіге қарсы күресті өрістету. Байқауға қатысушылар өз жобаларын дөңгелек үстелге қатысушылар алдында баяндап берді.

Конкурстың қорытындысы бойынша есірткінің алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы ең үздік жобаның авторы болып «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі танылды.

Соңғы жаңалықтар