Оралда жас жол қозғалысы инспекторларының байқауы болды

   ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат - 19 қазан күні Оралда жас жол қозғалысы инспекторларының саптық байқауы болды.
None
None

Аталмыш шараны БҚО ІІД жол полициясы басқармасы ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың 23 қарашасында еліміздегі жол полициясының құрылғанына 20 жыл толмақ. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында түрлі іс-шаралар өткізу қолға алынған. Бүгінгі шара - соның бірі. Мақсат - жол апаттарының алдын алу. Жол сақшыларының айтуынша, тоғыз ай ішінде өңірде 298 жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан 63 адам қаза тауып, 363 адам әр түрлі дене жарақатын алды. Қаза тапқандардың алтауы - бала, ал 68 бала түрлі дене жарақатын алды.

Шара Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жас жол қозғалысы инспекторларының саптық байқауына Орал қаласындағы мектептерден 20-ға жуық команда қатысты. Әр команда саптық байқауда өздерінің ептіліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысында №44 орта мектеп командасы жеңімпаз атанса, №40, Зеленов ауданынан Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп - екінші, Оралдағы №10, №34, №41 мектептер үшінші орынды еншіледі. Жасақ мүшелеріне медальдар берілсе, командалар грамотамен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар