Оралда «Жастар бизнес картасы-2020» атты экономикалық форум өткізілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «Жәрдем-Содействие» жастар бастамасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен (төрағасы Қайырболат Сахметов) «Жастар бизнес картасы-2020» атты экономикалық форум өтті.
None
None

Бұған қатысқан жастар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ойларын ортаға салды. Бизнесін кеңейтіп, кәсібін одан әрі жетілдіргісі келген олар өз компанияларын шетел нарығына шығару жолдарын қарастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш форумға арнайы шақырылған «USAID» жобасының кеңесшісі Елизавета Крупочкина жас кәсіпкерлерге бизнес ісін жандандыру бағытында тиімді кеңес берсе, БҚО бойынша салық департаментінің қызметкерлері Марал Сыздықова мен Асланбек Шұғаев жиналғандарға Кедендік одақ аясында төленетін салық жөнінде айтып, түсіндірді. Жиынға қатысқан «Meat Masters Uralsk» ЖШС бас директоры Холгер Нумерих бизнес саласында жинаған тәжірибесін жастармен бөлісті. Бизнесті қалай бастау керектігінен бастап, оны жетілдіру жолдарына дейін түсіндірген кәсіпкер жастарға кәсіпкерлік жөнінде біраз мағлұмат берді. Жарнама мен сапалы заттың табыс кепілі екенін жастардың қаперіне салған директор жиналғандарды залдағы экран арқылы серіктестік жұмысымен таныстырды.

Басқосу кезінде жастар тәжірибелі кәсіпкерлерден кеңес сұрап, өзара пікір алмасты. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған аталмыш форум жастарға біраз ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеді.

Соңғы жаңалықтар