Оралда «Жастардың кадрлық резерві» жобасына қатысушылармен кездесу болды

ОРАЛ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыстық ішкі саясат басқармасында желтоқсанның 7-сінде «Жастардың кадрлық резерві» жобасына қатысушылар батысқазақстандық жастармен кездесті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жас Отан» жастар қанатының 2008 жылы өткен І съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген бастамасына сәйкес «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жастардың кадрлық резерві» жобасын жүзеге асырған болатын. Оған еліміз өңірлерінен 800 үміткер қатысып, конкурс қорытындысында 31 жас таңдалып алынып, олар ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдірді. БҚО-дан төрт үміткер өз жобасын ұсынса, соның ішінде «Ақжайық - Жас отау» ЖШС директорының орынбасары Марс Сатыбалдиевтің жобасы үздік деп танылған болатын.

Аталмыш жоба бойынша оқуын тәмамдағалы отырған бес жас Орал қаласына келіп, жергілікті қатарластарымен жүздесіп, пікір алысты.

Соңғы жаңалықтар