Оралда «Жасыл жапырақ - Зеленый лист» іс-шарасы өтуде

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Орал қаласында «Жасыл жапырақ - Зеленый лист» іс-шарасы өтуде.
None
None

Оған 8600-ден астам адам қатысуда. 3100-дей жоғары және орта арнаулы оқу орындары, кәсіби лицей шәкірттерінен басқа оған түрлі мекеме-ұйымдар, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысуда.

Бүгінгі жұмыс үшін «Жасыл қала» МҚК мың түп ағаш, 850 дана өзге өскін, керекті құралдарды әзірлеген болатын. Ағаштар Жеңіс алаңы, Ауған соғысы ардагерлері гүлзәрі, Х.Есенжанов көшесінен М.Шолохов көшесі қиылысына дейін отырғызылатын болды.

Іс-шара салтанатты түрде Жеңіс алаңында ашылып, ол мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар