19:19, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Оралда жазасын өтеушілермен және олардың туысқандарымен кездесу өткізілді
ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті БҚО бойынша департаментіне қарасты РУ-170/2 мекемесінде «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының өкілі Аққали Әубекеров, облыс прокурорының орынбасары Батыр Жазбаевтың қатысуымен осында жазасын өтеушілермен және олардың туысқандарымен кездесу өткізілді.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған шара жазасын өтеушілердің арасында қылмысқа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында түрлі сұрақтар қойылып, оған жауаптар қайтарылды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Құрал Салмұрзаев жазасын өтеушілерге құқық бұзушылыққа барған жағдайда қандай жауапқа тартылатыны және басқа мәселелер жөнінде түсінік берді.