Оралда жеке инвестиция есебінен 250 орындық балабақша ашылмақшы

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Алдағы қыркүйек айында Оралға қарасты Зачаган кентінде жеке инвестиция есебінен 250 орындық балабақша ашу көзделуде.
None
None

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, шаһардағы 50 балабақшаның 17-сі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 103,4 млн. теңгеге №16 «Орман ертегісі» балабақшасы күрделі жөнделуде.

Қалада күні бүгін 86 мектепке дейінге мекеме болса, соның 50-і мемлекеттік, 25-і - мектеп жанындағы шағын орталықтар, біреуі - мектеп-балабақша, 8-і - жеке шағын орталық және екеуі - жеке балабақша. Мектепке дейінгі 10 жеке мекемеде 396 бүлдіршін тәрбиеленуде. Жалпы қаладағы мектепке дейінгі мекемелерге 12642 бүлдіршін барып жүрсе, 4097 балдырған мектеп алды даярлықпен қамтылған. Соған қарамастан, 15727 бала балабақша кезегінде тіркелген.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін қаланың білім беру саласына 10,2 млрд. теңге бағытталған, бұл өткен жылғыдан (9,5 млрд. теңге) 7 пайызға артық. Соның ішінде жалпы білім беруге 6,5 млрд. теңге (12 пайызға көп), қосымша білім беруге 494,5 млн. теңге (6 пайызға өскен), мектепке дейінгі білім беруге 2,2 млрд. теңге (өткен жыл деңгейінде), оқулықтар алу мен жеткізуге 243 млн. теңге (2 есеге артық) бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар