Оралда «Жеңіс» кемесі суға түсірілді

ОРАЛ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 4-інде «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жасап шығарған кезекті катердің Шаған өзеніне түсірілу рәсімі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Қазақстан Қарулы күштерінің төл мерекесі қарсаңында суға түсірілген жағалау күзеті катеріне "Жеңіс" атауы берілген. Бұл - "Барыс" сериясымен жасалған үшінші ұшқыр кеме. Зауыт директоры Вячеслав Валиевтің айтуынша, "Зениттің" екі кемесі қазіргі кезде Каспийде еліміздің шекарасы мен экономикалық мүдделерін қорғауға қызмет етіп жүр. Ұлы Отан соғысында майданға тонналап оқ-дәрі, снаряд жөнелткен аталмыш зауыт - ұрыстағы ерлігі үшін берілетін бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған Қазақстандағы жалғыз өндіріс ошағы.

"Жеңіске" сәт сапар тілеген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосқан "Зениттің" де еселі еңбегін атап өтті. Бүгінге дейін зауыт "Сұңқар", "Барыс" серияларымен жалпы жиынтығы он бес катерді құрастырған. Былтыр Астананың онжылдығына орай "Ертіс" суға түсірілген болатын.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшысы, генерал-майор Болат Қырғызбаев Оралда жасалған катерлердің арқасында 200-ден аса шекара бұзған жүзу құралдары ұсталғандығын, шекарашылар мен "Зениттің" арасындағы байланыс бекіп, 2015 жылға дейін зауытта тағы да бес үлкенді-кішілі катер құрастыру жоспарда бар екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар