Оралда Жеңіс мерекесіне орай театрландырылған шара өткізілді

ОРАЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 6 мамыр күні «Жеңіске жету жолында» деген тақырыпта А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған әдеби-музыкалық театрландырылған мерекелік шара болды.
None
None

Онда жорық жырлары оқылып, жеңіс туралы әндер шырқалды. Театрландырылған көріністер қойылды.

Сұрапыл жылдардағы майдан мен тылдағы өмір қатар өрілген мазмұнды кешті облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ел-жұртпен бірге тамашалады.

Жеңіс мерекесіне орай өңірде түрлі шаралар өткізілуде. Айталық, мекеме-ұйымдар, кәсіпорындар өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар