Оралда Жеңістің 65 жылдығына орай шайбалы хоккейден жарыс өткізілді

ОРАЛ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай шайбалы хоккейден жарыс өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл додаға өңірдегі бірнеше мекеме-кәсіпорынның командаларына қоса, Атырау облысының құрамасы да қатысты. Тартысты өткен турнирде Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының командасы бірінші орыннан көрініп, бас жүлдені иемденді. Ал екінші орынды Орал магистраль газ құбырлары басқармасының хоккейшілері еншілесе, үшінші орынға атыраулықтар табан тіреді. Сонымен қатар БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Александр Волков үздік қақпашы, атыраулық Роман Карнаухов үздік қорғаушы, ал облыстық спорт басқармасының және бір хоккейшісі Тимур Бапаев үздік шабуылшы ретінде танылды.

Жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлеріне Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов дипломдар мен медаль-кубоктар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар