14:46, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Оралда Жеңістің 65 жылдығына орай жаңа жинақ жарық көрді
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы «Дастан» БПК» ЖШС баспасынан Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Жеңіс шежіресі» атты жинақ жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жинақ «Информбиржа news» газеті материалдары бойынша құрастырылған. Ұлы Отан соғысында 15 мыңнан астам батысқазақстандық қаза тапқан. Жинақта көзі тірі майдангерлер жөнінде де жазылады.
Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың мұражай-үйінде кітаптың таныстырылымы болып, оған соғыс ардагерлері Бисен Жұмағалиев, Павел Букаткин, Хамза Сафин, «Фронтовичка» клубының мүшелері қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Мың данамен басылып шыққан кітап облыс кітапханаларына, мектеп мұражайларына таратылатын болады.