Оралда жер қатынастарына қатысты жемқорлық мәселесі талқыланды

ОРАЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың біразы жер қатынастарына қатысты орын алатыны жасырын емес.
None
None

31 шілде күні БҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында өткен дөңгелек үстел отырысында осы мәселе егжей-тегжейлі талқыланды. Отырысқа аудандық жер қатынастары бөлімдерінің меңгерушілері мен бас мамандары қатысты.

Орталық дирек­торы Әлібек Сәтбаевтың ай­туынша, жерге қатысты сыбайлас жем­­қорлық фактілері бар. Ендігі мақсат -
солардың алдын алу, болдырмаудың жолын іздеу. «Бір жағынан, сіздер мұқият болуларыңыз керек, екінші жағынан, заңдарымыз да мықты болмай тұр. Жемқорлыққа жол ашатындай «мүмкін» деп бітетін тұстары көп. Жер кодексін жетілдіру де керек секілді», - деді Әлібек Байжанұлы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша басқармасы бас­тығының орынбасары Мирболат Нұр­та­зин мемлекеттік қызметшілердің заң­­дар­ды жетік білуі қажеттігін басты мәселе етіп көтерді. «Тек қана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес емес, сонымен қатар азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібін де бұзбау керек. Көп мәселе уақытында қаралып, жауабы берілмеген арыздан туындайды. Адамдар прокуратураға, басқа да қадағалаушы органдарға шағымданады, сосын істеріңіз тәр­тіптік кеңеске келіп түседі. Мұны бол­дырмаудың бірден-бір жолы - құқықтық сауатты ұдайы жетілдіріп отыру», - деді Мирболат Сүйеуұлы.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы тө­рағасының орынбасары Аққали Әу­бе­керовтің дерегінше, жер қатынастары саласында былығы көп мекеме - Орал қаласының жер қатынастары бөлімі. Отырыста түйілген ор­тақ ой - жерге қатысты жемқорлыққа жол бермеу үшін заңды білу және мемлекеттік қызметшілердің, мамандардың дербес жауапкершілігін арттыру.

Соңғы жаңалықтар