Оралда жер телімін алуға көмектесемін деп, тоғыз азаматтың 8,6 млн. теңгесін иемденіп кеткен алаяқ сотталды

ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті М.Жанишевке қатысты қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, М.Жанишев 2008 жылғы наурыз-маусым аралығында жер телімін алуға көмектесемін деп, тоғыз азаматтың 8,6 млн. теңгесін иемденіп кеткен. Ол бұл ақшаның Орал қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына пара ретінде ұсынылатындығын айтқан.

Орал қалалық сотының үкімімен М. Жанишев ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы (алаяқтық), 28-бабы 4-бөлімі, 312-бабы 4-бөлімі «б, в» тармақтары (пара беруге итермелеу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

М.Жанишевтен жәбірленушілердің пайдасына 8,6 млн. теңге өндіріліп алынды.

Соңғы жаңалықтар