Оралда жол-көлік оқиғалары әлдеқайда көбейіп кетіп отыр

ОРАЛ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында биылғы он бір айда 170 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 26 адам қаза тауып, 157-сі түрлі жарақат алды.
None
None

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан әлдеқайда көп. 2010 жылы осы мерзімде 107 жол апатынан 17 адам көз жұмып, 105-і жарақаттанған еді.

Мұндай оқиғалар бірқатар аудандарда да көбейгені байқалады. Айталық, Зеленов ауданында өткен жылы осы мерзімде 9 жол-көлік оқиғасынан 3 адам мерт болып, 12-сі жарақаттанса, биыл бұл цифрлар сәйкесінше 16, 8 және 22-ге жетіп отыр. Сол секілді Сырым (өткен жылы - сәйкесінше 7, 5 және 4, биыл - 9, 5 және 9), Бөрлі (2010 жылы - 5, 7 және 4, биыл - 7, 3 және 16), Жаңақала (өткен жылы - 4, 5 және 4, биыл - 6, 2 және 5) аудандарында өскен. Ақжайық ауданы мен Приурал полиция бөліміне қарасты аумақта (Дариян) өткен жыл деңгейінен көп ауытқымаса, Теректіде жол-көлік оқиғасы 15-тен 8-ге кеміген.

Соңғы жаңалықтар