Оралда жолаушы тасымалдау мәселелері талқыланды

ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақтөбе және БҚО бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы филиалында «Жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында жолаушы тасымалдау мәселелері кеңінен талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Филиал басшысы Руслан Мұқановтың айтуынша, бүгінде өңірде жеті халықаралық, үш облысаралық, 117 облыстық, 36 қалалық және 17 саяжай бағытында жолаушы тасымалданады. Орал қаласы бойынша жергілікті атқарушы органмен келісімшарт негізінде 27 шаруашылық субъектісі такси түрінде жолаушылар және жүк тасымалдаумен айналысады. Алайда мұндай кәсіппен заңсыз айналысатындар да кездеседі. Мәселен, облыста жыл басынан бері заңсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асырған 166 тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 848,43 мың теңге айыппұл салынды. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аудандар бойынша 117 тұлға жергілікті атқарушы органдармен жолаушылар және қолжүгі тасымалы үшін келісімге отырып, өздерінің орналасқан жерлері бойынша салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

Көліктік бақылау инспекциясы - автомобиль, темір жол және су көліктерін бақылауды, соның ішінде аталған көлік түрлерімен жолаушыларды, жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қадағалау, сондай-ақ жолдардың сақталуын қамтамасыз етіп отырған құзырлы мекемелердің бірі. Жиында айтылғанындай, тасымалдаумен айналысушының жолаушылар мен қолжүгі тасымалы үшін жергілікті атқарушы органмен келісімшарты болуы міндетті. Сондай-ақ жолаушылар мен қолжүгін тасымалдаушы автокөлік күн сайын рейс алдында техникалық, ал жүргізушісі медициналық тексеруден өтуі тиіс. Міне, осындай талаптарға кейбір тасымалдаушы кәсіпорындар салғырт қарайды. Соның салдарынан қайғылы оқиғалар орын алып жатады.

Ұсыныс-пікірлерді сараптай келген филиал басшысы жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тасымалдаушы кәсіпорын жетекшілері, жеке жүргізушілер, жергілікті атқарушы органдар, жол полициясы бөлімшелері тиісті деңгейде көңіл бөлсе деген ұсынысын жеткізді. Бір мақсат-міндет төнірегінде бас біріктіріп әрекет етпей, келеңсіздіктерді азайту мүмкін еместігі баса айтылды.

Соңғы жаңалықтар