Оралда жұмысшы жастар форумы өткізілді

ОРАЛ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 29-ында Оралда жұмысшы жастар форумы өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов адамның жастайынан еңбек етіп, шыңдалуының маңызы зор екенін атап өтті. Бұл ретте студенттік еңбек жасақтары ерекше рөл атқарады. Биыл өңірде мың жарым жас жазда еңбекке тартылса, соның тең жартысы студенттік еңбек жасақтары қатарында әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді салуға қатысты. Сондай-ақ үш мыңнан астам жас қоғамдық негізде жұмыс жасады.

Студенттік жасақтардың табысты еңбек етуіне «Альтаир», «Әлім», «Отделстрой» сынды құрылыс компаниялары барынша жағдай жасады.

Форум барысында үздік жасақтар, командирлер мен сарбаздар марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етілді. Құрылыс кәсіпорындарының басшылары да ұмыт қалған жоқ. Жиын мерекелік концертке жалғасты.

Соңғы жаңалықтар