Оралда журналист Л.Ахмедьяровқа қастандық жасағандарға қатысты сот отырысы басталады

ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында 29 сәуір күні журналист Л.Ахмедьяровқа қастандық жасағандарға қатысты сот отырысы басталады.
None
None

Бұл қанды оқиға бұдан бір жыл бұрын орын алғаны мәлім.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, іс бойынша төрт адам ұсталған болатын. Асхат Тахамбетов қастандық жасауды ұйымдастырушы ретінде аталып отырса, тілшіні қанға бөктіргендер Мұрсалим Сұлтангереевтің автокөлігімен бой тасалаған. Алмаз Батырқайыров тапаншадан оқ атса, Манарбек Ақболатов жәбірленушіге пышақ жұмсаған. Оларға кісі өлтіруге әрекет жасады және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты деген айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар