Оралдағы қарапайым отбасындағы төрт қыздың үшеуі - үшемдер

ОРАЛ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы қарапайым отбасында төрт қыз өсіп келеді, оның үшеуі - әлі он екіге де тола қоймаған үшемдер,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қыздардың анасы, оншақты жылдан бері әуежайда кезекші болып қызмет атқаратын Гүлнәр Бекмұхамбетованың сөзіне қарағанда, Кәмила, Роза, Лилия қаладағы №24 орта мектептің 5-сыныбында оқиды. Олардың үшеуінің де оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мектепке бірдей киініп баратын үшеуін мұғалімдері шатастырып алмас үшін үш қатарға бөлек отырғызған. Қыздардың үлкені Оксана Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 4-курсында оқиды. Әжелері, Гүлнәрдің анасы Любовь Владимировна ұлты украин болғанымен, Сырым елінде тұрып, отағасы Аманкелді Жәрдемұлына тұрмысқа шыққалы бері қазақ тілінің майын тамызып сөйлейді.
Соңғы жаңалықтар