Оралдағы сән салонында адам өліміне әкеліп соқтырған екпе туралы іс сотқа келіп түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік косметолог Эльмира Абдулаеваның (Юсупова) адам өліміне әкеліп соқтырған екпе салу туралы ісі Орал сотына 27 мамыр күні келіп түсті, деп хабарлайды «Мой город» порталынан.
None
None

Іс бойынша судья Руслан Жұмағұлов тағайындалған. Эльвира Абдулаеваға ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімі (Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті орындамау) бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, 28 наурыз күні косметолог Эльвира Абдулаева салған екпеден оның клиенті Айжан Жақанова қайтыс болды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен жедел жәрдем қызметі оқиға орнына шақырғаннан кейін 5 минут өткен соң келгенін, алайда дәрігерлер әйелдің өлімін ғана тіркеп үлгергенін хабарлады. Косметолог дәрігер ұсталып, кейін сотқа дейін қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар