Оралдық ақын Қызылорда облысында өткен республикалық айтыста бірінші орынды иеленді

 ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық ақын Жансая Мусина Қызылорда облысы Жалағаш ауданының 70 жылдығына орай өткізілген республикалық айтыста бірінші орынды иеленді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Жансаяның бірінші жеңісі емес. Бұдан бұрын да республикалық додаларда топ жарған Ж.Мусина - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. Сондай-ақ ол жазба өлеңмен де айналысады. Биыл ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 65 жылдығына орай өткізілген жыр мүшәйрасында да бірінші орынды еншілеген болатын. Ол әрі А.Бақтыгереева атындағы сыйлықтың иегері.

Соңғы жаңалықтар