19:40, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Оралдық әнші аймақтық байқаудан бас жүлдемен оралды
ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық әнші Күләш Қуанышқалиева Атырау қаласында Қазақстанның халық әртісі Ғарифола Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай өткізілген «Ақ Жайықтан ән оздырған» аймақтық байқауынан бас жүлдемен оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында жұмыс жасайтын Күләш ? Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжінің түлегі. Бұдан бұрын да бірнеше өнер додасына қатысып, жүлдегер атанған К.Қуанышқалиева «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің әншісі ретінде Ақ Жайық жұртшылығына жақсы таныс.