14:07, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Оралдық балуан қыз студенттер арасындағы әлем чемпионатына әзірленуде
ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық дзюдошы қыз Алмагүл Орынғалиева Сербияда шілденің 6-13-інде өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионатына әзірленуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алмагүл таяуда Талдықорған қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында дзюдодан өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Облыс қыздар құрамасының аға бапкері Азамат Қапсатовтың айтуынша, А.Орынғалиева 57 килә салмақта финалда ақтаулық Олеся Куценконы ұтты.
Орал қаласындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын 21 жасар Алмагүл Орынғалиева М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқиды.